Павлодарда қолданыстағы автобустар аязға төзбеуде

Абзал Қабдраш Абзал Қабдраш
Жөндеу жүргізетін арнайы бригада құрылып, қосымша бөлшектер дайындалып, қосалқы экипаждар жасақталды.

Павлодарда аяз қала ішіндегі жолаушыларды тасымалдайтын, жеті жылдан астам уақыт пайдалануда жүрген автобустарға қатты әсер етуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл жөнінде агенттікке тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің сектор жетекшісі Марат Асылбеков айтты.

- Климаттық жағдайға байланысты 21-қаңтардан 22-қаңтарға қараған түні барлық автотранспорттық кәсіпорындар кезекшілік режимде жұмыс істей бастады. Жөндеу жүргізетін арнайы бригада құрылып, қосымша бөлшектер дайындалып, қосалқы экипаждар жасақталды. Таңғы сағат 6-да 92 пайыз көлік шыққан. Ауылдық және қалаішілік тасымалдаулар қамтылды. 73 трамвай шығып, 100 пайыз жұмыс жасады. Уақыт өте тасымалдаудан алынып қалғандар да болды. Қалай болғанда да 42 градус аяз біздегі жеті жылдан көбірек уақыт қолданыста жүрген автобустарға әсер етпей қоймайды. Бізде 17-20, тіпті одан көп жыл пайдаланып жүрген автобустар бар. Осындай автобустар жұмыс кестесінен түсіп қалып жатты. Істен шыққан қоғамдық көліктерді паркке әкеліп, жылытып, керек бөлшектерін ауыстырып, жұмысқа қайта кірісті, - дейді Марат Асылбеков.

Сектор жетекшісінің айтуынша, таңғы сағат 10-ның кезінде транспорттың 73 пайызы өз жұмысын атқарды. Оған қоса 07, 21, 16 бағытындағы 28 автобус «Бірінші автобус паркінен», 11-і Павлодар автокомбинатынан шықты. Бұл соншалық сынға алатындай жағдай емес. Ауылдық жерлердің де, қаланың да барлық бағыттарына бірдей мөлшерде транспорттардың болуы жіті назарда болған.

- Қазіргі ахуал белгілі. Керекті ресурс дайындалған. Жұмыс жасайтын боламыз. Бастысы, техника шыдаса болды. Адамдар шыдайды, - деді Марат Асылбеков.

Райымбек Дулат

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз