Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ШҚО-да қатып қалған автобустан 29 жолаушы құтқарылды

Ешкім зардап шеккен жоқ, олардың бойынан үсік шалу белгілері байқалмаған.

Сурет : www.inform.kz24 Қаңтар 2018, 12:04

ШҚО құтқарушылары мен полиция қызметкерлері кеше «Алматы - Аягөз» тас жолында тұрып қалған автобустың жолаушыларына көмектесті, деп хабрлайды «ҚазАқпарат» ХАА ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы - Зайсан» бағытындағы жолаушылар автобусы кеше қатты аязға байланысты істен шығып жолда тұрып қалды. Көлік Аягөзден 40 шақырым қашықтықта тоқтаған.

«Сағат 10 шамасында АІБ кезекшісінен жолда 27 жолаушы және 2 жүргізуші мінген автобус сынып тұрғаны туралы қоңырау түсті. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып автобус және жолда қалғандарға арнайы орын дайындадық. Біз жеткенше сол маңда кетіп бара жатқан автобус жолаушыларды жақын жердегі дәмханалардың біріне жеткізіп салған. Екі жүргізушіні АІБ қызметкерлері алып келді»,-дейді Аягөз аудандық ТЖ бөлімінің бас инженері Дархан Нұғаметов. Жолаушылардың барлығы зайсандықтар.

Ешкім зардап шеккен жоқ, олардың бойынан үсік шалу белгілері байқалмаған. Түн ортасында жолаушылар жергілікті құтқарушылардың күшімен Аягөз қаласына жеткізіліп спорт мектебінің ғимаратына орналастырылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер