Адам өлтіріп, мәйітті бөлшектеген петропавлдық сотталды

www.inform.kz www.inform.kz
М.Макентаев 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режімдегі түрмеде жазасын өтейді.

Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында танысын өлтіріп, денесін бөлшектеген Петропавл тұрғынына үкім шығарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша, былтыр шілдеде петропавлдық М.Макентаев өзінің пәтерінде танысымен бірге ішімдік ішеді.

Олардың арасында жанжал шығады. Макентаев пышақпен қонақтың басы мен мойнынан жарақаттайды.

«Қылмысын жасыру мақсатында М.Макентаев 28-29 шілде аралығында қол арамен мәйітті бөлшектеп, оларды полимерлік пакеттерге салады. 2017 жылдың 30 шілдесінде оны пәтерден алып шығып, орманға апарып тастайды», - делінген іс материалдарында.

М.Макентаев 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режімдегі түрмеде жазасын өтейді. Зардап шегуші тарапқа моральдық шығыны ретінде 2 млн теңге өндірілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз