Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Германияда Қазақстанның тумасы құрдасын пышақтаған

15 жастағы жасөспірім полицияға «мүлікке залал келтіру» туралы іс бойынша белгілі болған.

Сурет : www.inform.kz25 Қаңтар 2018, 11:59

Неміс мектебінде ата-анасы Қазақстан тумасы болып табылатын Алекс М. атты 15 жастағы жас жігіт 14 жастағы құрдасын тамағынан пышақтап, мерт қылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Оқиға сейсенбі күні таңертең Германияның батысындағы Люнэн қаласындағы мектепте болған. Күдікті де, қаза тапқан да - бір мектептің оқушылары.

15 жастағы жасөспірім полицияға «мүлікке залал келтіру» туралы іс бойынша белгілі болған.

Сол кезде әлеуметтік қызмет оған «агрессивті» деп сипаттама берген еді.

«Күдіктінің айтуынша, қаза тапқан жасөспірім оның анасына бірнеше рет жек көре қараған. Соған қатты ашуланған ол сыныптасының тамағына пышақ сұғып алған», - делінген Дортмунд прокуратурасы мен полициясының бірлескен коммюникесінде.

Қаза табушы мен күдікті Германия азаматтары, деп хабарлады «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісіне Дортмунд полициясының баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, ведомство шабуыл жасаған жігіттің ата-анасының Қазақстан тумасы екендігін растады, алайда олардың азаматтығы туралы сұраққа жауап беруден бас тартқан.

Алекс есімді күдікті сәрсенбі күні түсте сот алдында жауап беріп, оған адам өлтіргені үшін алдын ала қамауға алу туралы үкім шығарылған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер