Жаңалықтар тізбегі
0

Мұхамедиұлы: Жүрсін Ерманмен бірге айтыс өткізуді жоспарлап отырмыз

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2018 22:19 Sputniknews.kz
Министр Ақтөбедегі айтысқа еліміздің 16 өңірінде өткен айтыстың жеңімпаздары қатысқанын айтты.

Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынан "Алтын домбыра" айтысының өтпей қалу себебін сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Еліміздің 16 өңірінде айтыс өткізілді. Алайда жеңімпаздармен "Алтын домбыра" айтысы неліктен өтпей қалды? Жүрсін Ермандар неге басқа айтыс өткізді? Осыған қарағанда айтыс екіге бөлініп кетті ме?", - деп сұрады БАҚ өкілдері.

"Әрине, айтыс біздің көне дәстүріміз. Қазіргі кезде Қазақстанда кеңінен дамып келе жатыр. Айтыс жеке тұлғалардың кәсібі емес. Ол қазақ халқының рухани байлығы. Сол себепті қазір айтысты аймақтарда өткізіп жүрміз. Мәселен, осы жылы Ақтөбеде өтті, оның алдында еліміздің басқа да облыстарында өткен болатын", - деді Мұхамедиұлы.

Министрдің айтуынша, айтысқа төрелік ететін қазылар алқасын жергілікті әкмдіктер таңдайды. Мұның өз ережесі бар.

"Жүрсін Ерманға келетін болсақ, біз оған үлкен құрметпен қараймыз. Ол 28-29 желтоқсанда Алматыда айтыс өткізді. Біз сол кезде ол кісіге хабарласып, министрліктен қандай көмек керек екенін сұрадық. Алдағы уақытта Жүрсін Ерманмен бірге жұмыс істеуге қатысты үлкен жоспарымыз бар", - деді ведомство басшысы.

Мұхамедиұлы облыстық айтыс жеңімпаздары Ақтөбе қаласында өткен айтыста бақ сынағанын атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: