Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Еліміздің бірқатар өңірінде қатты аяз, бұрқасын болады

Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 23 м/с дейін күшейеді.

Сурет : Baq.kz26 Қаңтар 2018, 09:31

Бүгін антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман мен жаяу бұрқасын болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 18-23 м/с жылдамдықтағы желдің екпіні 30 м/с артады.

Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында жаяу бұрқасын болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, желдің күші 18 м/с болады.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел тұрады.

Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 23 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында да аяз болуы мүмкін.

Ақмола, Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде де ауа температурасы күрт төмендейді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер