Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтау тұрғыны көшеден табылған бір бума ақшаның иесін іздеп жүр

Ер адам егер таяу уақытта ақшаның иесі табылмаса, оны қайырымдылыққа беруді жоспарлап отыр.

Сурет : Sputniknews.kz26 Қаңтар 2018, 17:30

Ақтау тұрғыны кеше, 25 қаңтар күні 13-шағын ауданда серуендеп жүріп бір бума ақша тауып алған. Хасен ақшаны қалтасына баспай, иесін іздеуге шешім қабылдаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Кешке серуендеп жүріп жаяужолда ақша салынған түйіншек жатқанын көріп қалдым. Алдымда үш адам кетіп бара жатыр еді, дереу оларды шақырып, "ақша жоғалтпадыңдар ма?" деп сұрадым. Олардың ақшасы болмай шықты. Айналада басқа ешкім жоқ еді. Иесі келіп қалар деген оймен тағы 15 минут тұрдым. Ақшаның иесін тапқым келеді, маған бөтеннің ақшасы керек емес. Қазір күн көру оңай емес, мүмкін біреудің жалақысы немесе кредитке төлейтін ақшасы болар. Полицияға хабар берген жоқпын, олар бұл іспен айналысады деп ойламаймын", — дейді Хасен.

"Ақшаның иесін қалай анықтайсың"? деген сұраққа Хасен: "жоқ іздеген адам қайда және қанша сома жоғалтқанын, қандай купюралар екенін айтуы тиіс" деп жауап берді.

Хасен егер таяу уақытта ақшаның иесі табылмаса, оны мұқтаж жандарға беретінін атап өтті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер