Прокуратура автобус өртінен аман қалған жүргізушіні екі ай қамауға алуды сұрады

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Үш жүргізуші уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Ақтөбеде өртенген автобус жүргізушісі Нұржан Қырғызбаев бүгін сот залына жеткізілді. Прокуратура күдіктіні 2 айға қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде өртенген автобус жүргізушілері сот залына жеткізілді. Сотқа алдымен жүргізуші Нұржан Қырғызбаев әкелінді. Прокуратура жүргізушіні 2 ай қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялауды сұрады. Ал Қырғызбаевтың қорғаушысы кепілмен босату ұсынысын айтты. Сот отырысына Мақсат Пернебековтың апасы Нұршат Пернебекова да келді.

«Анамызды, бала-шағасын асыраймын деп осы жағдайға тап болды. Мен інімді кінәлі деп есептемеймін. Бәрі де кінәлі емес»,- деді Нұршат Пернебекова.

Айта кетейік, бір апта облыстық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдаған үш жүргізуші уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Олар Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабы бойынша сот алдында жауап береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз