Жаңалықтар тізбегі
0

Жолдаудың тоғызыншы басымдығы талқыланды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2018 03:19 Zakon.kz
Жиынға қатысушылар Елбасының сындарлы саясатын бірауыздан қолдайтынғын білдіріп, өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды.

2018 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын тоғызыншы басымдығын талқылау жөнінде семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, Білім, Ішкі саясат, Мәдениет, Жастар саясаты, Тілдерді дамыту және Дін істері жөніндегі басқармалардың қызметкерлері мен «Нұр Отан» партиясы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинар барысында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы тоғызыншы бағыты – еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күресті күшейту мен мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым қатынасын цифрландырудың маңызды жақтары мен мемлекеттік қызметтер көрсету саласын автоматтандыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Жиынға қатысушылар Елбасының сындарлы саясатын бірауыздан қолдайтынғын білдіріп, өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды.
Алматы қаласында Елбасының Жолдауынның 9 бағыты бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіру бірегей сағаты Алматы қаласындағы барлық мемлекеттік органдарда, оқу орындарында өтіп, 80 мыңнан астам адам қатысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: