Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Дәрігерлік қателік үшін жазалауға болмайды - министр

Қылмыстық жауапкершіліктен қорқу мамандардың жоғары қауіпті қызмет салаларынан кетуіне әсер етеді - министр.

Сурет : 29 Қаңтар 2018, 16:10

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық қателіктер үшін қылмыстық қудалау туралы заңнаманы қайта қарау туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Шынында да, біздің заңнамамызға сәйкес медицина қызметкерлерінің дәрігерлік қателіктеріне байланысты қылмыстық қудалау бар. Біздің, Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі ұстанымы, бұл норманы қайта қарауымыз қажет деп есептейміз. Дәрігерлік қауымдастықпен тиісті жұмысты жүргізудеміз. Осындай нормалар халықтың медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілуіне өте қатты әсер етеді және акушерлік және гинекология, жан сақтау бөлімі сияқты жоғары қауіпті қызмет салаларынан мамандардың кетуіне алып келеді", - деді ол.

Оның пікірінше, науқасқа қасақана және күтпеген жерден зиян келтіру деген ұғымды бөліп қарау керек.

"Біз дәрігерлік қателіктің кеткенін анықтай білуіміз керек. Дәрігерлік қателік үшін жазалауға болмайды. Мұны біз нық сеніммен айта аламыз. Өйткені дәрігердің да қателесуге құқығы бар. Ешуақытта да 100 пайыз диагноз қойып, қандай емдеу жолы сенімді екендігін білу мүмкін емес. Денсаулық сақтау жүйесі дамыған көптеген елдердің тәжірибесі аталған қателіктерді анықтауға бағытталған. Олар декларацияланады, қарастырылады және қызметкерлерді оқыту үшін шаралар қабылдайды. Бірақ, жазалау үшін емес", - деді Елжан Біртанов.

"Егер біз дәрігерлік қателік үшін жазалайтын болсақ, онда дәрігерсіз қаламыз, бұл анық. Менің өзім тәжірибелі дәрігер, бұрынғы реаниматолог ретінде адамдардың қателеспейтін кезі болмайтынын айтамын. Бұл, технологиялардың жетіспеушілігі мен білім деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты. Сондықтан да дәрігердің дұрыс медициналық көмек көрсетуге мүмкіншілігі болғанымен, оны қаламағандықтан салғырттыққа жол бергендігін бөле қарастыру қажет. Медициналық көмек көрсетуге тырысып, қателікке бой алдырғанын да бөліп қарастыру керек. Меніңше, ол кезде ешқандай да қылмыстық жауапкершілік болмауы тиіс" - деді Елжан Біртанов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер