Алматы облысында «Диснейлэнд» салынбақ

Baq.kz Baq.kz
Алматы облысында қазақы көріністегі Дисней паркін ашу жоспарланып отыр.

Қазақстанда Е-туризм порталы іске қосылады, мобильдік қосымшалар арқылы «Сакралды орындарды геймификациялау» жобасын іске асыру басталады, деп хабарлайды Вaq.kz.

2018 жылы елорданың мерейтойына орай «Ұлы дала рухы» халықаралық көшпелі мәдениет фестивалі өтеді. Алматы облысында қазақы көріністегі Дисней паркін ашу жоспарланып отыр. Осы және басқа да жобалар туралы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев РrimeМinister.kz-ке берген эксклюзив сұхбатында айтып берді.

"Шетелдік инвестицияларды тартуға байланысты жобаларға келер болсақ, бұл тақырыптық ойын-сауық саябақтары болуы тиіс. Әлем бойынша "Диснейлэндтер", "Юниверсал Студиос", "Лотте Уорлд", "Европа парк" және басқалары бар. Алматы облысында өте қызықты жобаны іске асыру жоспарланған. Біз алдын ала әлеуетті инвесторлар - Shanghai Shendi Group компаниясының өкілдерімен кездестік. Ол әлемде бар алты "Дисней парктің" ең заманауи және ең технологиялы саябағы болып табылатын Шанхайдағы "Дисней парк" жобасын іске асырған. Олар қызығушылық танытып отыр. Біздің "Дисней паркте" тақырыптық нақыш болғанын қалаймыз, ол тарихи тұлғалармен, қазақтардың көшпелі мәдениетімен байланысты болмақ. Олар - Аттила, Шыңғысхан, Әмір Темір, Бабыр, Сұлтан Бейбарыс. Бұл жақсы жоба және қолдауға ие болады деп ойлаймын", - дейді Рашид Талапұлы.

"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы басқарма төрағасының айтуынша, әзірге концепт шеберлік жоспары әзірленіп жатыр. Бірақ жобаның бастамашысы және Алматы облысы әкімдігі арасында жер бөлу туралы меморандумға қол қойдын. Қазір техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз