Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Мал сүйегі мен мүйізден жасаған туындыларын ақтөбелік оқушының саудаға салғысы жоқ

Бір бұйымды жасауға үш күн уақыт жұмсайды.

Сурет : 31 Қаңтар 2018, 12:06

Қобда ауданына қарасты Талдысай мектебінің 10 сынып оқушысы Асхат Ниязхан мал сүйектері мен мұйіздерінен түрлі мүсіндер жасайды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Асхаттың қолөнермен айналысқанына екі жылға жуық уақыт болған. Түрлі республикалық байқауларда жүлдегер атанып үлгеріпті. Болашақта технолог маман болып, қолөнерді дамытқысы келетін шебер оқушының жасаған дүниелері сұранысқа ие бола бастады.

«Өнер сатылмайды» дегенді ұстанған ол туындыларын саудаға салғысы келмейтінін жеткізді.

«Асхатты 8 сыныптан бастап баулыдым. Бір бұйымды жасауға үш күн уақыт жұмсаймыз. Сүйектерді іздестіріп, керек пішіндегілерін алып кептіреміз. Мектеп шеберханасында жасаймыз. Сұраныс көп негізі. Көрмелерде қызығып, «сатыңыз» дейтіндер бар. Бірақ, саудаға қимаймыз», — дейді шебер оқушының мұғалімі Бірлік Солтан.

Әлішер Садық


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер