Жаңалықтар тізбегі
0

Құлағы бетіне біткен шымкенттік сәби көмекке мұқтаж

Sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2018 18:24 Sn.kz
Анасы перзентінің еміне мемлекет тарапынан қаражат бөлінсе екен дейді.

Мұрат Нышанбектің ата-анасы перзентіне мүгедектік бойынша жәрдемақыны рәсімдей алмай әуре сарсаңға түскен. Мамандар мұндай анықтамаға қол жеткізу үшін 1,5 жастағы ұлына ақылы түрде ота жасату қажеттігін айтады. Алайда 4 балалы жанұяның операция жасатуға қалтасы көтермейді. Сондықтан қайырымды жандардың көмек сұрауға мәжбүр деп мәлімдейді TVK арнасы.

Құлағы сол жоқ бетінде орналасқан Нышанбектің анасы, перзентінің қиналғанын көріп күнделікті еріксіз көзіне жас алады. Бүлдіршін отбасының төртінші, кенже баласы. 27 жастағы келіншек Нышанбекке аяғы ауыр болғанда дәрігерлер баланың денсаулығында кінәрәт жоқ депті. Алайда Ордабасы ауданының тұрғыны босанған соң, туа біткен құлақ ауыз кемістігі бар баласын көріп шошып кеткен. Әйгерімнің сөзінше өзі мен жолдасының отбасында генетикалық ауытқушылық жоқ. Бауыр еті баласын ойлап қамыққан ана Нышанбекті Алматыға апарып ота жасатсам деп армандайды. Алайда қысқа жіп күрмеуге келмейді. Отбасының ақылы операция жасатуға қалтасы көтермейді. Өйткені отағасының бар жиған тергені жиі ауруханаға түсетін науқас ұлының ем домына жұмсалады.

“Ауырғаннан соң дәрі дәрмекті көмекке сұрасақ, оны жылдың басы жылдың соңы деп қайтарады. Операция жасатайық десек, оғанда ақша жетпейді. Одан бөлек үш балам бар. Тамағы бар киімі бар. Мектепке барады”, – дейді анасы.

Отбасы бұл қиындықты Алланың сынағы деп қабылдаған. Алайда перзентінің еміне мемлекет тарапынан қаражат бөлінсе екен дейді. Әйгерімнің сөзінше мамандар ұлының атына мүгедектікке байланысты анықтама алу үшін оған ота жасату керектігін айтқан. Ата – ана 1,5 жастағы баласының аузын Шымкенттегі ауруханада тіктіргісі келіпті. Бірақ дәрігерлер отадан бас тартқан көрінеді. Тұрғынның сөзінше ақ халаттылар бүлдіршін наркозды көтере алмай, қайта оянбауы мүмкін деген болжам жасаған.

“Нақты диагноз болғанда ішкі құрылысындада ақау болуы мүмкін дейді. Қорқып операцияға наркоз салса айрылып қалуымыз мүмкін деп. Квотаға айтқанда бірінші құжатты туралап алыңдар дейді. Соған ақша жинап міне шығамыз дегенде бала ауырып қалады. Сөйтіп оның еміне жұмсалады”, – дейді Нышанбектің анасы Әйгерім Әлімбаева.

Ал мүгедектікке байланысты анықтамаға қол жеткізу үшін алдымен тіркелген емханадан арнайы бөлімге жолдама жіберілуі керек дейді мамандар. Дегенмен бұл құжатқа қол жеткізу оңайға соқпайды. Өйткені заңға сәйкес еңбекке жарымсыз болып танылған азаматтың емделуіне мемлекет тарыпынан уақыт беріледі екен. Әр науқастың жағдайы жеке бақылаудан өтеді.

“Мүгедектікке байланысты анықтаманы алу үшін 0088 у формадағы жолдама қажет. Ол емханадан жіберіледі. Және комиссияда да қаралады. Ал мына жағдайдан хабарымыз жоқ. Өйткені бізге әлі жолдама жетпеді”, – дейді Еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Марат Архаров.

Сауапты іс жасап, кішкентай Нышанбекке көмек берем деушілер 8776-330-79-71 нөмірге хабарласа алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: