Жаңалықтар тізбегі
0

Жоғалған сарбаз Жанболат Бозбанов Алматыдан табылды

azh.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2018 16:40 azh.kz
Жас сарбаз мұндай қадамға не үшін барғанына әрі Алматыға қалай жеткендігін туыстарына да тіс жарып, ашығын айтпапты.

Он күн бұрын Отардағы 21/450 әскери бөлімінен жоғалып кеткен сарбаз Жанболат Бозбанов табылды. Оны іздеушілер Алматы қаласынан тапқан. Қазір сарбаздың мұндай қадамға не үшін барғандығы анықталып жатыр. Ал, біздің түсірілім тобы бүгін Отарға барып, Жанболаттың ағасы және бөлім командирімен тілдесіп қайтты, деп жазады kaztrk.kz.

Жанболат Бозбанов қазір Отардағы әскери базаның тергеу бөлімінде отыр. Сарбазбен кездесуге рұқсат жоқ. Тек туған ағасы мен жездесі аз уақыт тілдесіп шыққан. Олардың айтуынша, Жанболатты кеше түнде Алматы қаласынан тапқан.

Бірақ, бүгін таңертең хабарласқан. Жас сарбаз мұндай қадамға не үшін барғанына әрі Алматыға қалай жеткендігін туыстарына да тіс жарып, ашығын айтпапты. Жездесі «оның жағдайы жақсы», деп отыр.

Нұрлан Қауысқалиев, Жанболат Бозбановтың жездесі: - Бала аман-есен. Бет-әлпеті, денесінде ешқандай ұрып-соғу белгісі жоқ. Бәрін өзім қарап шықтым.

Жас сарбаздың әскерге келгеніне 9 айдан асыпты. Үйіне қайтуына бар-жоғы үш-ақ ай қалған екен. Бөлім командирінің айтуынша, жауынгер өзін әскери дайындық барысында да, демалыс уақытында да жақсы жағынан көрсеткен.
«Сондықтан, бұл әрекеті бізге де жұмбақ»,-дейді олар.

Ербол Нұржанов, 21/450 әскери бөлімінің командирі: - Кешке жауынгер сағат 7 жарымда әскери бөлімде болған. Сосын ол өзінің әскери бөлімін тастап кеткен. Тергеумен басқа органдар айналысып жатыр.

Ал, тергеушілер әзірге бәрін құпия ұстап отыр. Жанболат Бозбановтың ары қарай тағдыры қалай болатыны да белгісіз. Ал, туыстары реті келсе оны Атыраудағы әскери бөлімдердің біріне ауыстырып қала ма деп үміттеніп жүр.

Амангелді Сейітхан, тілші: - Жанболат Бозбанов борышын өтеп жатқан әскери бөлімге кірер-шығар есікте қай кезде де қатаң тексеру. Жағалай бейнебақылау да орнатылған. Сырты түгелдей үшкір сымдармен қоршалған. Осындай жағдайдан қашып шығу мүмкін емес сияқты. Бірақ, оның қалай амалын тапқаны белгісіз. Ал, біз үшін ең маңызды сұрақ, жас сарбаздың мұндай қадамға не үшін барғаны. Сұрақ көп, әзірге жауап жоқ. Бірақ, тергеушілер барлығының жауабын жақын арада береді деп күтеміз.

Амангелді Сейітхан

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: