CҚО-да көгілдір отын бағасы қымбаттады

uralskweek.kz uralskweek.kz
Жаңа тариф ақпан айынан бастап бекітілді.

Солтүстік Қазақстан облысында газ бағасы қымбаттады. Енді өңір тұрғындары 1 текше метр көгілдір отын үшін қосымша құн салығын қоса есептегенде 522 теңге төлейтін болды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Жаңа тариф ақпан айынан бастап бекітілді.

Табиғи монополияларды реттеу департаментіндегілер шаһарды газбен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын бағаны 15,5 пайызға қымбаттауды сұрағанын айтады.

Жалпы өңірде соңғы рет газ бағасы былтырғы тамызда көтерілген болатын.

Елена Ганзёра, облыстық ТМРБҚ департаментінің бөлім басшысы: – Көтерме саудадағы бағаның қымбаттауы тарифтің өсуіне әкеліп соқты. Басты себеп осы. Яғни 1 қаңтардан бастап еліміздегі зауыттар өз өнімдеріне бағаны көтерген. Салдарынан біздің өңірде тариф 6,60 пайызға өсті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз