Жеке куәлікті жедел алудың жаңа бағасы ұсынылды

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Қазіргі уақытта жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен 2 жұмыс күнінде дайындау үшін 1989 теңге төленеді.

«Ашық мәліметтер» порталы жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру қызметіне бағалар көрсеткішін талқылауға ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалалары үшін жеке куәліктерді жеделдетілген тәртіппен беру қосылған құн салығын қоса алғанда бірінші санатта 1 күннің ішінде дайындау 4 мың, ал екінші санатта 3 жұмыс күнінің ішінде дайындау 2 мың теңгені құрайтын болады.

Ал облыстық маңызы бар қалалар үшін бірінші санаттағы жедел құжат дайындау үшін 3 жұмыс күніне 4 мың теңге, екінші санатта 5 жұмыс күніне 2 мың теңге төлеуге тура келеді. Ал облыстарға қарасты аудандар мен қалалардың тұрғындары 1 мың теңге төлеп, 7 жұмыс күнінің ішінде жеке кәліктерін ала алады.

ҚР Ішкі істер министрі бұйрығының бұл жобасын талқылау 16 ақпанға дейін жалғасады.

Қазіргі уақытта жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен 2 жұмыс күнінде дайындау үшін 1989 теңге (Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін) төленеді. Дәл осы сомаға 4 жұмыс күннің ішінде облыс орталықтарында жеке куәлік дайын болады.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз