Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарлықтар Сталинград шайқасында қаза тапқан боздақтарды еске алды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2018 17:02 Хабар 24
Қазіргі таңда Павлодар облысында Сталинград шайқасының куәгері болған 4 батырдың көзі тірі.

Сталинград түбіндегі шайқастың жеңіспен аяқталғанына 75 жыл толды, деп хабарлайды Хабар 24.

Осыған орай Ертіс өңірінің жұртшылығы Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етіп, боздақтарды еске алды. Ержүрек қаһармандардың ұрпақтары мен тарихшылары бас қосып, қажымас қайраттың белгісіне айналған жауынгерлер туралы сыр шертті. Сталинград шайқасы – мыңдаған неміс фашисін тізе бүктіріп, жауды ойсырата жеңген Ұлы Отан соғысындағы негізгі ұрыстарының бірі. Қазіргі таңда Павлодар облысында Сталинград шайқасының куәгері болған 4 батырдың көзі тірі.

Айта кетейік, жақында Ертіс өңірінде «Іздеу-2018» атты бірінші халықаралық форум өтеді. Ауқымды шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.

- Павлодар облысынан бүгінгіге дейін 500-дей адамды таба алмай жатырмыз. Олардың көбі қаза тапқан, хабарсыз кеткен. Сталинградты қорғап, Сталинградты босатуда павлодарлықтар үлкен үлес қосты. Солардың ерлігі мәңгі қалады, - дейді тарихшы Халел Әкімханов.

- Ұрпақтардың іздестіру жұмыстарымен айналысып жатқан азаматтармен кездесу мүмкіндігі, оларға тікелей, көзбе-көз алғыс айту мүмкіндігі. Екіншіден, іздестіру отрядтарының арасындағы іс-қимылдардың бірегейлігін қалыптастыру, - деді тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Батталов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: