Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ауруханаға кеткен Алматы облысының тұрғыны із-түзсіз жоғалып кетті

Әйел бір рет қоңырау шалып, жұмыс тапқанын хабарлаған, алайда қайда екенін айтпаған.

Сурет : Sputniknews.kz6 Ақпан 2018, 09:56

Екі баланың анасы, Алматы облысының тұрғыны екі аптадай бұрын ауруханаға кетіп, үйіне қайтып оралмаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.

23 жастағы Анастасия Букова жоғалып кеткеннен кейін бір рет байланысқа шыққан.

"Ол қоңырау шалып, "бәрі жақсы, мейрамханада жұмыс істеп жатырмын" деді. Алдымен қалада екенін айтты. Сөйлесіп жатқанда Қапшағайда екенін айтып қалды. Бір кезде: "болды-болды, кетуім керек, қожайын күтіп жатыр" деп сөндіріп қойды", — деген күйеуі Сергей Буков әйелінің мұндай мінезін бұрын-соңды байқамағанын айтты.

Туыстары Анастасияны күшпен ұстап отырғанына сенімді.

Отбасы жас әйелді іздеуді аудандық ауруханадан бастаған. Белгілі болғандай, Анастасия Букова дәрігерге бармаған. Туыстары ол өздігінен ешқайда кете алмайтынына сенімді, өйткені тіпті қалтасында жолға да ақшасы болмаған.

Жоғалған әйелді іздеуге тергеушілер мен еріктілер де атсалысып жатыр.

Read more: https://sputniknews.kz/regions/20180206/4494210.html


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер