Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Анар Мешімбаева бостандыққа шықты

Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы жазасын толық өтеп, дүйсенбі бостандыққа шықты.

Сурет : Sputniknews.kz6 Ақпан 2018, 17:11

Жемқорлық үшін сотталған Қазақстанның статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мешімбаеваның туыстары хабарлағандай, ол бостандыққа 5 ақпанда шыққан. Агенттіктің бұрынғы басшысы жазасын бес жыл өтеді.

"Ол өз жазасын толық өтеді", — деді телефон арқылы туысы.

Анар Мешімбаева 2014 жылы 14 ақпанда сотталды. Сот экс-шенеунікті бюджет қаражатын жымқырды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптап, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Мүлкі мәркіленіп, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеді. Сондай-ақ Мешімбаева бес жылға дейін мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды. Жазаны өтеу мерзімі 2013 жылдың 6 ақпанынан бастап есептеледі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер