Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жалған куәлікпен көлік тізгіндеген ОҚО тұрғыны ұсталды

Қазір аталған оқиғаға қатысты бірқатар сараптама тағайындалды.

Сурет : Хабар 247 Ақпан 2018, 09:03

Солтүстік Қазақстан облысында жалған куәлік жасатып алып, жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Оңтүстік Қазақстан облысының 34 жастағы тұрғынын жол сақшылары «Автобус» жедел алдын алу шарасы аясында Тайынша ауданындағы «Келлеровка» бақылау-өткізу бекетінде қолға түсірді. Құжатын тексеру барысында куәліктің сериялық номері Ішкі істер министрлігінің базасымен сәйкес келмеген. Қазір аталған оқиғаға қатысты бірқатар сараптама тағайындалды. Жалпы «Автобус» операциясы жүргізілген 15 күн ішінде 376 заң бұзушылық анықталған екен.

- Куәлікті тексеру барысында жүргізуші куәлігі жалған болып шықты. Қазір сол факт бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Тексеріс қорытындысы бойынша жүргізушіге 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе болмаса екі жылға бас бостандығынан айырылады, дейді облыстық ІІД ЖПҚ басшысының орынбасары Айдын Байматов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер