Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Мемлекеттік мекеме басшылары жемқорлыққа барған қызметкерлері үшін жауапты болады

Бұрынғы кезде жауапкершілікке тек орындаушы тартылатын еді.

Сурет : Хабар 247 Ақпан 2018, 17:01

Мемлекеттік мекеме басшылары сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған қарамағындағы қызметкерлері үшін жауапты болады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлады.

Астана әкімдігінде өткен «Астана – адалдық алаңы» жоба тұсаукесерінде бірінші басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру туралы хабарланды.

«Астана қаласы әкімдігінің бірінші басшыларының тоқсан сайынғы бағалауына, басшылардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарын бақылау критерийлері енгізілетін болады», – деп мәлімдеді жоба жетекшісі
.

Оның айтуынша, бұрынғы кезде жауапкершілікке тек орындаушы тартылатын еді. Алдағы уақытта мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларының осы салада жіберілген олқылықтары үшін жауапкершілігі қарастырылатын болады.

Жоба тобымен мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары қызметін бағалау өлшемдері қосымша әзірленеді. Бұл өлшемдер ұжымдағы моральдық-психологиялық климаты жақсартуға, міндеттерді біркелкі бөлу, қызметкерлеріне сыйақы беру, бюджет қаражатын бөлуде және т.б. басшылардың жеке мүдделілігін арттыруға ықпал етеді.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев «Астана – адалдық алаңы» жобасының жарғысына қол қойды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер