Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Оңтүстік Қазақстанда суға кеткен бала табылмай жатыр

Суға кеткен 7 жастағы Мирастың денесін іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Сурет : Sputniknews.kz8 Ақпан 2018, 09:12

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шәуілдір ауылында 7 жасар бала суға кетті. Оның денесі бір аптаден бері іздестіріліп жатыр. Өйткені, ата-анасы мен құтқарушылар үмітін әлі үзбеген. Қайтсек те табамыз деп бекініп отыр. Сүңгуірлермен бірге іздестіру шараларына жергілікті тұрғындар мен полицейлер жұмылдырылған, деп хабарлады Otyrar.kz.

Суға кеткен 7 жастағы Мирастың денесін іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Жағалаудың әрбір бөлігі жіті тексерілуде. Сүңгуірлердің жұмысын Арыс өзеніндегі мұз қиындатуда. Мамандардың айтуынша, мұнда мұздың қалыңдығы 25 см. Құтқарушылар мұзды ойып, суға сүңгіп, баланың денесін іздестіруде.

"Арыс өзенінде баланы іздестіру қиын соғып жатыр. Мұз қалың, 15-20 см. Өзеннің ағысы да шапшаң. Бүгін біз құтқарушылар командасын алмастырдық. Шымкенттен жеті маман келді. Олар іздестіруді жалғастырады", — деді ОҚО ТЖД су құтқару отрядының командирі Орынбасар Төртбаев.

Қайғылы оқиға 31 қаңтар күні тіркелген. Шәуілдірдің орталығында жаңа салынып жатқан саябаққа ойнауға келген екі баланың бірі өзенге құлап кетуі мүмкін деген болжам бар.

"Полицейлер балалардың саябақ аумағына қоршаудың астынан өткенін анықтаған. Сосын өзеннің жағалауымен жүрген. Мирас суға батқан бойда, досы жақын арадағы мешітке барып, имамға болған оқиғаны айтып берген. Сол заматта дабыл соғылған. Бізге 17 сағат 15 минутта мәлімет түсті. Дабыл бойынша Шымкенттен 11 маман шықты. Құтқару командасы әлі күнге дейін баланың денесін іздестіруде", — дейді Шәуілдір ауылының тұрғыны Заир Сабыр.

"Құтқару жұмыстары" ережесіне сәйкес төтеншеліктер баланың денесін тағы төрт күн іздейді. Кейін суға батқан баланың ата-аналарының арызы бойынша іздестіру жұмыстарын жалғастыра алады. Бұл жылдың басынан тіркелген алғашқы оқиға екен. Қайғылы оқиғаларға қауіпсіздік шараларын сақтамау және ата аналардың бейқамдығы себеп дейді мамандар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер