Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қытай полициясы «ақылды» көзілдіріктің көмегімен 30-дан астам қылмыскерді ұстады

Полиция 1 ақпаннан бастап арнайы көзілдірікті қолдануға кірісті.

Сурет : Stan.kz8 Ақпан 2018, 17:34

Чжэнчжоу қаласының вокзалындағы полиция қызметкерлері өз жұмыстарында арнайы көзілдірік пайдалана бастады. Ол полиция дерекқорында тіркелген қылмыскерлердің бет-әлпетін салыстырып, тануға көмектеседі. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осы құрылғының көмегімен іздеуде жүрген 7 адам және жасанды құжатпен жүрген 26 жолаушы ұсталды.

Полиция 1 ақпаннан бастап арнайы көзілдірікті қолдануға кірісті. Себебі Қытайдың жаңа жылы келе жатқандықтан, вокзалдарда жолаушылар көбейе бастайды. Станциядағы күнделікті жолаушылар саны 90 мыңға жетуі мүмкін.

Осы уақыт ішінде адам ұрлап, іздеуде жүрген жеті адам қолға түсті. Сондай-ақ, жалған құжатпен жүрген 26 адам ұсталды.

Айта кетейік, бұрын қылмыскерлерді іздеу үшін бірнеше сурет керек болған. Ал арнайы құрылғының артықшылығы қылмыскерлерді тануда бір ғана суретті қажет етеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер