Қазақстан Президенті CCTV телеарнасына сұхбат берді

Ақорда Ақорда
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық туралы сұрақтарға жауап берді.

Нұрсұлтан Назарбаев қытайлық CCTV телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы сұхбат барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ «Нұрлы жол» және «Бір белдеу, бір жол» бағдарламаларының тоғысу аясындағы екіжақты ықпалдастыққа қатысты сауалдарға жауап берді.

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басымдықтары туралы айтып, Шанхай ынтымақтастық ұйымын одан әрі дамыту жөнінде ой бөлісті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қарсы күрес жүргізу және өңірдегі тұрақтылықты сақтау мәселелеріне қатысты мемлекетаралық серіктестікті нығайту қажеттігін атап өтті.

.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз