Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда Наурыз мейрамы 40 күн тойланады

Рavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2018 16:09 Рavlodarnews.kz
Облыстық әкімдікте өткен кезекті аппараттық жиында көктемгі мерекеге дайындық талқыланды.

Ертіс өңірінде Ұлыстың ұлы күнін 22-наурыздан бастап, 30 сәуірге дейін тойламақ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық әкімдікте өткен кезекті аппараттық жиында көктемгі мерекеге дайындық талқыланды. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбековтың айтуынша, Ертіс өңірінде Наурыз 40 күн қатарынан тойланады.

- Ерте кезде қазақтар Наурыз мерекесін әртүрлі кезеңде тойлаған, - деді Ардақ Райымбеков. – Мысалы, Сыр өңірінің қазақтары ақпан айының аяғында күн жылынғанда тойлаған. Оңтүстікте құстар қайтып келген сәттен бастаған. Батыста 14-наурыз күні адамдар бір-бірінің үйіне қонаққа барып, көктемнің басталуымен құттықтайтын «көрісу» атты дәстүр бар. Орталық және Солтүстік өңірлерде кешірек тойлаған. Жалпы, Наурыз бабаларымыз үшін бір күндік мереке болған жоқ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2018 16:09

Мәдени-сауық шаралары 22-наурызда басталады. Сол күні облыс орталығында киіз үйлер тігіліп, театрландырылған концерт қойылып, көңіл көтеру және сайыстық, балалар мен спорт сүйер қауымға арналған алаңдар қарастырылатын болады. Режиссер ретінде Павлодарға «Ретро жұлдыздар шақырады», «Айтыңыз қабыл болсын», «Жаңа жылда – жаңа жұлдыздар» сияқты жобалардың жүзеге асуына атсалысқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Наймантаев шақырылды.

- Бір ай бойы барлық өңірлерде әртүрлі шаралар өткізілетін болады, - деді Ардақ Райымбеков. – Оған қоса, біз Алтай өлкесіндегі қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен Барнауылға көшпелі мереке ұйымдастырмақпыз. Наурызды тойлау 30-сәуірге дейін жалғасатын болады. Сол күні үкіметтің ұйғаруымен демалыс күні деп жарияланған. Павлодарда орталық алаңда этноауыл құрылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: