Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл мектептерде информатика 3 сыныптан бастап оқытылады

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2018 17:45 ҚазАқпарат
Бестен он бірінші сыныпқа дейінгі бағдарламалар жаңартылады.

Биылғы оқу жылынан бастап информатика пәні үшінші сыныптан бастап оқытылатын болды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ердан Сағадиев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкіметтің 2018 жылға арналған жоспарында министрлікке 27 іс-шара жүктелген. Оның ішінде 13 пунктті орындаушы - Білім және ғылым министрлігі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған міндеттері ескере отырып, жоспарға білімді цифрландыру бойынша өзгерістер енгізілді. Мысалы, информатика 2017 жылы 7 сыныптан, 2014 жылы 5 сыныптан басталған. Осы оқу жылынан бастап 3 сыныптан басталады. Бұл бір», - дейді министр.

Ерлан Сағадиевтың айтуынша, екіншіден, бестен он бірінші сыныпқа дейінгі бағдарламалар жаңартылады.

«Оның ішінде бағдарламалау тілдерін қайта қарастырып, жаңа бағдарламалау тілдерін енгізу жұмысы басталып кетті. Үшінші, барлық мектептерде цифрлық білім беру ресурстары бар. Осы жылдың мақсаты - оларды қолдану деңгейін көтеру. Төртінші - білім беру саласында балабақшадан бастап қызметтерді автоматтандыру», - деді ол.

Министр осы жылдан бастап Павлодар мен Шымкент қалаларында 100 пайыздық қағазсыз есеп беру жүйесі бойынша пилоттық жоба басталатынын айтты. Жоба тиімділігін көрсетсе, аталған жүйе барлық қалаларға енгізілмек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: