Алматыда жоғалып кеткен қыз 16 күннен кейін табылды

Тoday.kz Тoday.kz
Ішкі істер басқармасының қызметкерлері бар күшін салып кәмелетке толмаған қызды іздеді.

Алматы қаласында жоғалып кеткен 2002 жылы туған Аружанды Қарасай аудандық ішкі істер басқармасы қызметкерлері тауып алды, деп хабарлайды Today.kz patrul.kz сайтына сілтеме жасап.

28 қаңтарда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған бекетіндегі үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен Аружанға іздеу жарияланған еді.

Ішкі істер басқармасының қызметкерлері бар күшін салып кәмелетке толмаған қызды іздеді. Кеше, 12 ақпанда Қарасай аудандық полициясының қызметкерлері қызды Алматыдан тапты.

Полицияның сөзінше, қыз Алматыда пәтер жалдаған құрбысының үйіне қонаққа кеткен.

Қазіргі таңда Аружан өз үйінде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз