Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қостанайда терезеден секіріп қашқан ұры полицей болуы мүмкін

Танымал фотосуретші Кирилл Филиппенковтің айтуынша, оның үйіне баса көктеп кіріп, ұрлық жасағандардың бірі - тәртіп сақшысы.

Сурет : ҚазАқпарат15 Ақпан 2018, 17:03

Облыс орталығында ұрлық жасаған 3 адамның бірі тәртіп сақшысы болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Танымал фотосуретші Кирилл Филиппенковтің айтуынша, оның үйіне баса көктеп кіріп, ұрлық жасағандардың бірі - тәртіп сақшысы.

«Үйімнен 4 миллион 910 мың теңге ұрланды. 3 бұзақыны көршім бақылап қалған. Олардың барлығын танимын. Бірі қостанайлық спортшы, екіншісі тәртіп сақшысы, ал үшіншісі оның ағасы», - деді Кирилл Филиппенков.

Еске салсақ, 10 ақпанда Филиппенковтің үйін тонаған 3 күдікті әл-Фараби көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінен ұсталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3 тармағымен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған оқиға туралы мәлімдеме беруден бас тартты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер