Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Денис Тен: Барлық мүмкіндігімді көрсетуге жарақатым кедергі болды

Соңғы нәтиже барлық қатысушы өнер көрсеткеннен кейін белгілі болмақ.

Сурет : Хабар 2416 Ақпан 2018, 11:13

Пхёнчхандағы жаһандық басты жарыста Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламасын орындады, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Мұз айдынға 4-ші болып шыққан жерлесіміз үзеңгілес 30 спортшы қатарында өнер көрсетті. Еліміз үлкен үміт артқан Денис енді жарыстың екінші кезеңі «еркін стиль» сайысында өз көрсеткішін жақсарту үшін барын салары анық.

Ал оның қарсыластары әлі бағын сынап жатыр. Соңғы нәтиже барлық қатысушы өнер көрсеткеннен кейін белгілі болмақ.

Денис Тен, мәнерлеп сырғанаушы, Сочи 2014 қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері:

- Осы олимпиада қатысуымның өзі мен үшін жетістік. Себебі Пхенчханға дейін көп жарақаттарым болды. Соңғы бірнеше айдан бері аяғымның ауырғанынан дұрыс ұйықтай алмай жүрмін. Бірақ соған қарамай осында келдім. Бұл олимпиаданы асыға күттім. Сочиден кейін спорттан кету туралы ойым болған еді. Енді міне Кореяда жүрмін, келгеніме қуаныштымын. Бүгін жақсы өнер көрсете алмадым. Қазақстан құрамасының спортшыларына сәттілік тілеймін. Мен спорттағы ғұмырымды осылай аяқтағым келмейді. Мен әлі өз жанкүйерлерімді қуантамын.

Кореяда мені жанкүйерлер жылы қарсы алады. Менің менеджментіммен кореялық компания айналысады. Киетін костюмімді кореялық дизайнер тікті. Әрине корея ерекше мемлекет. Алайда мен өзімнің қайда туғанымды, өскен отанымды ұмытпаймын. Менің қаным кәріс ұлтынан болғанымен, мен алматылықпын, өзімді өмір бойы қазақстандық санаймын.

Мен ерекші бағдарламаны дайындап, Олимпиадада көрсеткім келді. Қысқа бағдарламада классикалық сипат басым болса, бұл жолы өзгеше қойылыммен шықтым. Жарақат бар мүмкіндігімді көрсетуге кедергі келтіреді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер