Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанда үй сатып алу үшін қанша ақша жинау қажет?

Бәрінен ұзақ бір бөлмелі үйге ақшаны Шымкент қаласының тұрғындары жинайды – тоғыз жыл.

Сурет : Stan.kz19 Ақпан 2018, 11:55

Қазақстанда аумағы 40 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтер сатып алу үшін 63,5 орташа айлық номиналды жалақы немесе 367,5 минималды табыс жинау керек, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Екінші деңгейлі нарықтағы үйді сатып алу үшін 45,2 орташа немесе 261,5 минималды табыс қажет. Орал және Павлодар қаласының тұрғындары үйге бәрінен тез ақша жинай алады. Олар 3,4 жылда бір орташа номиналды жалақысын жинап отырса болғаны. Екінші деңгейлі үйді атыраулықтар оңай әрі жылдам сатып ала алады – 36,4 жалақы немесе үш жыл.

Бәрінен ұзақ бір бөлмелі үйге ақшаны Шымкент қаласының тұрғындары жинайды – тоғыз жыл. Бұл аталған аймақта салыстырмалы түрде табыс мөлшерінің аздығымен байланысты. Ал екінші деңгейлі үйге Алматы және Петропавл қалаларының тұрғындары бәрінен ұзақ ақша жинайды.

Сондай-ақ, елімізде Астана және Алматы қалаларында пәтер бағасы айтарлықтай қымбат. Әсіресе, оңтүстік астанада екінші дәрежелі үй бағасы қымбат. Жамбыл облысынан аумағы 40 шаршы метр болатын пәтерді 5,4 млн теңгеге, Ақмола облысынан 5,9 млн теңгеге сатып алуға болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер