Жаңалықтар тізбегі
0

БАӘ-ге демалуға барған қазақстандық бойжеткен қайтыс болды

newsnn.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2018 20:34 newsnn.ru
24 жастағы бойжеткен суға кіріп бара жатып естен танып құлайды.

24 жастағы Орал қаласының тумасы соңғы жылдары Челябинск қаласында жұмыс істеп жүрген. Ал Дубайға өзінің күйеу жігітімен демалу үшін барған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ura.news сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 14 ақпан күні болды. Жаңа ұшып келген жұп бассейнге шомылу үшін барған. 24 жастағы бойжеткен суға кіріп бара жатып естен танып құлайды. Дәрігерлер оны құтқарып қала алмады.

Сараптама нәтижелеріне сәйкес, бойжеткеннің оқыс оқиға салдарынан қайтыс болмағаны белгілі болды. Мұндай жағдайда сақтандыру компаниясы әдетте ақша төлеуден бас тартады. Мұнымен қатар, Ирина Челябинск қаласында тұрып, жұмыс істегеніне қарамастан, Қазақстан азаматы болып саналады. Бұл жағдайды екі есе қиындатып отыр. БАӘ-де Қазақстанның дипломаттық өкілі жоқ.

Енді жергілікті дәрігерлер қызметі мен марқұмның денесін туған жерге алып келу үшін 6 мың доллар ақша қажет. Қазір Aldo Coppola сұлулық салонында жұмыс істейтін Денистің әріптестері осыған байланысты ақша жинап жатыр.

«Достар, біздің әріптесіміздің жағдайы ауыр. Қазір марқұмның денесін туған жерге алып келуге ақша жинау үшін бірнеше күніміз ғана бар. Шамамен 400 000 рубль қажет. Достар, қолдап жіберейікші. Aldo Coppola салонының телефон нөмірі - 272-02-73. Әкімшіліктегілер бұл жағдайдан хабардар», — деп жазды Дениспен бірге жұмыс істейтін Алена Тушова.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: