Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтауда туыстары 22 жастағы жігітті іздестіруде

3 ақпанда үйден шығып кетіп, қайтып келмеген.

Сурет : lada.kz20 Ақпан 2018, 12:30

Әлібек Таңатаров, туыстарының айтуынша, 3 ақпанда үйден шығып кетіп, қайтып келмеген. 22 жастағы жігіттің туыстары Ақтау тұрғындарынан іздестіру шараларына көмектесуді сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Туған ағасының айтуынша, Әлібек Таңатаров 3 ақпан, сенбі күні, 23:00-де Ақтау қаласындағы 32А шағын ауданында орналасқан үйінен шығып кеткен.

"Біз сол күннен бастап оны көрген жоқпыз. Таңғы 06:00-ге дейін достарымен бірге болғанын білеміз. Өзімен бірге ұялы телефоны болатын, қазіргі кезде ол сөндірулі", - дейді жоғалған жігіттің ағасы Талғат Таңатаров.

Әлібек Таңатаровтың белгілері:

- Бойы 160-165 сантиметр;
- Қысқа қара шашты;
- Көзінің түсі қоңыр;
- Қара күртеше, қара көк түсті шалбар, қара қысқы аяқ киім киген.

Туыстары Әлібек Таңаторовтың қай жерде екенінен хабардар болғандар болса, мына телефон нөміріне хабарласуды сұрайды: 8 705 883 2393, 8 778 883 2240, 8 707 329 1995 или 102.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер