Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда техникалық байқаудан өтпеген автобустарды лицензиядан айыру ұсынылды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2018 17:54 ҚазАқпарат
Қазақстанда қазіргі таңда шамамен 90,5 мың автобус тіркелген.

ҚР Ішкі істер министрлігі техникалық байқау құжаты жоқ болған жағдайда жолаушылар автобусын лицензиядан айыруды ұсынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заңды және заңсыз тасымалдаушылардың қызметін реттеу мақсатында «Автомобиль көлігі туралы» заңға тиісті өзгеріс енгізу қажет. Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын, техникалық байқаудан өтпеген, рұқсатсыз қайта жабдықталған автобустар анықталған жағдайда олардың лицензиясын кері қайтарып алу не оның әрекетін тоқтата тұруды заңнама жүзінде енгізуді қажет деп есептейміз», - деп жауап береді депутаттық сауалға Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Министрдің пайымдауынша, Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті атынан жолаушыларды көлік арқылы тасымалдауды реттеп отыратын бір мемлекеттік орган болуы тиіс. Сондай-ақ, министр ол органға құжаттарды және тасымалдаушылардың тасымал кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауды тексеру үшін автобустарды тоқтату құқығын беру қажет деп есептейді.

ІІМ дерегіне сәйкес, Қазақстанда қазіргі таңда шамамен 90,5 мың автобус тіркелген.

«Әдетте жүргізушілердің жол қозғалысы, көлік құралын пайдалану қағидаларын сақтамауы және көліктің техникалық жағдайы үшін жауапты адамның оны ақаулы күйде сапарға шығаруы жол-көлік оқиғаларына себепші болады», - делінген жауапта.

ІІМ басшысының хабарлауынша, 2014 жылдан бастап «Жол қозғалысы туралы» заңымен полиция қызметкерлеріне көлік құралдарын себепсіз тоқтатуға тыйым салынды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері автобустарды және өзге көлік құралдарын тексеруді жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде полицияның стационарлық бекеттерде ғана, сондай-ақ көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы қағидаларын бұзған жағдайда тексере алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: