Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақмола облысында автовокзалда автобус өртенді

Астанадан шыққан автобустың неден өртегені әзірге белгісіз.

Сурет : Sputniknews.kz21 Ақпан 2018, 14:37

Ақмола облысында рейстік қалааралық автобус өртенді, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Sputnik Қазақстан өңірдегі төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысының Астраханка ауылында 20 ақпан күні сағат 13.17-де автовокзал аумағында Астраханка — Астана бағытында қатынайтын, 1990 жылы шыққан Neoplan рейстік автобусы өртенді. Жалын бір шаршы метрге шарпыған. Өрт сағат 13.30-да сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Автобустың өртену себебі әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 18 қаңтарында Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан 52 адам (барлығы Өзбекстан азаматы) қаза болып, 5 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған болатын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер