Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жаңа «Жомарт жүрек» сыйлығы тағайындалады

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2018 15:14 Baq.kz
Министр Нұрлан Ермекбаев жыл сайын «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастыруды тапсырды.

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрілігінің Алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысында министр Нұрлан Ермекбаев жыл сайын «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Азаматтық жауапкершілікті жоғары қоятын қазақстандықтарды қоғамдық ынталандыру аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірлер мен жергілікті қауымдастықтар дамуына үлес қосқан азаматтар көтермеленуге лайықты. Сондықтан, Азаматтық қоғам істері комитетіне туған жерінің дамуына өз өмірін және табысының бір бөлігін арнаған азаматтарды мадақтау үшін «Жомарт Жүрек» салтанатын ұйымдастыруды тапсырамын», - деді министр Нұрлан Ермекбаев.

Министрлік қазіргі уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» бағыты бойынша «Атамекен» шағын бағдарламасын жүзеге асыруда. Шағын бағдарлама жергілікті қауымдастықтың өзекті мәселелерін шешу үшін азаматтардың, ҮЕҰ-дың, еріктілердің, меценаттар мен бизнес-құрылымдардың және мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

Шағын бағдарлама шеңберінде екі негізгі бағыт іске асырылады. Олар: «Әлеуметтік бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» жобалары. 2017 жылы шағын бағдарлама аясында жалпы құны 43 млрд 530 млн теңгені құрайтын 1197 жоба аяқталды.

«Бұл жобалар аясында елімізге «халықтық» инвестициялар түрінде ауқымды көмектер жасалды. Азаматтар, негізінен кәсіпкерлер әлеуметтік нысандар салуға, оларды реконструкциялауға және қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етуге қаражат сала бастады», - деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: