Жаңалықтар тізбегі
0

Сыбайлас жемқорлық рейтингінде Қазақстан Непал және Либериямен қатар тұр

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2018 17:50 Baq.kz
Сарапшылар мен кәсіпкерлер тарапынан 180 мемлекет пен аумақтар сараланады.

Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде өз позициясын жақсартып, 122-орынды иеленді, деп хабарлайды Baq.kz Transparency International сайтына сілтеме жасап.

2016 жылдың рейтингі бойынша 131-орында тұрған еді. Зерттеу нәтижелерінде көрсетілгендей, индекс «үрей тудыратын фактілерді анық көрсетеді».

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай әрекет етуге қарамастан, көптеген мемлекеттер осы күресте баяу жылжып келеді. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау қажеттілігі болғанымен, соңғы алты жылда көптеген мемлекеттер бір орыннан әрең жылжыса, ал кейбір мемлекеттер бір орыннан қозғалмаған. Индекс нәтижелерін талдау кезінде баспасөз және мемлекеттік емес ұйымдары әлсіз елдерде сыбайлас жемқорлық көрсеткіші өте жоғары болатындығы анықталған», - дейді авторлар.

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде елдің мемлекеттік секторындағы сыбайлас жемқорлықтың қабылданған деңгейіне сәйкес сарапшылар мен кәсіпкерлер тарапынан 180 мемлекет пен аумақтар сараланады. Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі 0-ден 100 балға дейінгі шкала бойынша қабылданады. О – сыбайлас жемқорлықтың ең жоғары қабылданған деңгейін көрсетсе, 100 балл – ең төменгі деңгейін көрсетеді. Биылғы индекс әлемдегі мемлекеттердің үштен екі бөлігі 50 балдан төмен алған, ал сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің сол кездегі орташа көрсеткіші 43 балды құраған.

2017 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан 31 балл жинап, 122-орынды Әзірбайжан, Джибути, Либерия, Малави, Мали, Молдова және Непал мемлекеттерімен бөліскен. Рейтинг бойынша ең жоғары нәтижені 89, 88 балл жинаған Жаңа Зеландия мен Дания мемлекеттері көрсеткен. 14, 12, 9 балл жинаған Сирия, Оңтүстік Судан, Сомали сияқты мемлекеттер рейтінгтің төменгі жағынан орын алған. Мемлекеттері 66 балл жинаған Батыс Еуропа ең жақсы нәтиже көрсеткен аймаққа жатады. Орташа есеппен 32 балл жинаған Сахараның оңтүстік бөлігінде орналасқан Африка мемлекеттері мен орташа есеппен 34 балл жинаған Шығыс Еуропа мен Орталық Азия мемлекеттерінің де жағдайы мәз емес. Қазақстан 31 балл жинап, әлемдегі 180 мемлекеттің ішінде рейтінгтегі 122-орынды иеленді. Осылайша көрсеткішті 2 балға жақсартып, 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 9 орын алға жылжыды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: