Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы ұялы байланыс құны қымбаттауы мүмкін

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2018 23:32 Baq.kz
Егер «Қазақтелеком» Kcell операторының 75 пайызын сатып алатын болса, бәсекелестік аз болады.

Жақында Қазақстандағы ұялы байланыс нарығы жаңартылып, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Kcell акцияларының 75%-ын сатып алады. Бұл жағдайда «Қазақтелеком» АҚ-ның нарықтағы үлесі 65 пайызды құрайды. Бұл оператордың абоненттеріне қалай әсер ететіні келісімнің қалай жүргізілетініне байланысты болады. «Beeline KZ Казақстан» компаниясының бас атқарушы директоры Александр Комаров Atameken Business Channel телеарнасына берген сұхбатында осы жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қазақстанның байланыс нарығына жаңа ойыншы келіп қосылады. Ол қаражат тарту мәселелерін шешіп алуы керек, өйткені компанияда 100 миллиард теңге ғана бар. Бұл келісім бойынша болжанған соманың жартысын да жаба алмайды. Жетпеген қаржыны «Қазақтелекомның» негізгі акционері «Самұрық Қазына» қоры бере алады. Ал бұл бірқатар қазақстандықтың қызығушылығына қайшылық тудыруы мүмкін», - дейді Beeline KZ Kazakhstan-ның бас атқарушы директоры.

«Бұл қаражатты қайтару үшін тұтынушы нарығынан басқа ешкімнің қаражатын қолдана алмайды. Сондықтан тариф бағасын көтеріп, ұялы байланыс қолданушыларының қалтасын жұқартудан басқа амал жоқ. Осы орайда қарама-қайшылық туындайды: мемлекет өмірде әлеуметтік маңызы бар ұялы байланыс нарығын қайта қаржыландырады, бірақ белгілі бір деңгейде ұялы байланыс нарығындағы тарифтердің өсімін де қаржыландырады. Менің ойымша, егер мәмілеге келетін болса, тек қарыз алу арқылы ғана жүзеге асады. Ал осы жерде тағы да көптеген сұрақ туындайды. Мәселен, мұның керегі бар ма? (...)», - деді ол.

Егер «Қазақтелеком» Kcell операторының 75 пайызын сатып алатын болса, бәсекелестік аз болады, ал нарықтағы жағдай қалай болатынын тек «Қазақтелеком» мен «Beeline KZ Kazakhstan» ғана шешетін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: