Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда жетім балаларды асырап алушылардың саны артуда

bnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2018 16:48 bnews.kz
Ана-тәрбиеші қызметін атқарушы Гүлзат Теміржанованың айтуынша, отбасылық үлгідегі ауылда балаларды үлкен өмірге дайындайды.

Павлодарда жетім балаларға қамқорлық танытушылардың қатары көбейіп келеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық педагогикалық шеберлік семинарында Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры Гүлбағда Каримова айтты. - 2015, 2016 жылдары 15-20 бала қамқорлыққа берілетін немесе өз үйлеріне оралатын, - деді Гүлбағда Каримова.

– 2017 жылы 24 бала асырауға тапсырылып, 18 бала өз отбасыларына оралды. Ақпан айының аяғында әкімшілктің шешімі шыққанда 20 шақты баланы қамқорлыққа беру жоспарлануда. Жетім балаларды асырап алу оңай жұмыс емес. 1-7 ай аралығында уақыт кетеді. Бұл зат сатып алу емес. Қамқорлық танытқан ата-аналарға балалар жолығатын қиындықтар жөнінде семинарлар, тренингтар өткізіледі.

Ана-тәрбиеші қызметін атқарушы Гүлзат Теміржанованың айтуынша, отбасылық үлгідегі ауылда балаларды үлкен өмірге дайындайды.

- Ауылымызда 8 үй бар, - деді Гүлзат Теміржанова. – Бір үйде 8-9 бала өмір сүреді. Әртүрлі жастағы балалар ортақ отбасында бір-біріне қарап өседі. Ертеңгі күні өз үйіне оралса да, біреулер асырап алса да қысылмасын деп, өмірге қажеттілердің бәрін үйретуге тырысамыз. Қыздарды көбінесе ою оюға, кесте тігуге, тамақ істеуге дағдыландырамын. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының түлегі Әйгерім Халел тәрбиешілерінің арқасында өзінің болашақ мамандығын таңдаған. - Бұл ауылға бауырым және сіңілім үшеуіміз түстік, - деді Әйгерім Халел. – Ол кезде 9-сынып оқып жүргендіктен колледжге түсу ойы туындады. Мамандық таңдауда қиналдым. Басшылықтың, тәрбиешілердің берген ақыл-кеңестерінің арқасында мен өз мамандығымды таңдадым. Колледжді тәмәмдаған соң «Қазақстан Алюминийі» АҚ-ның қызметкері атандым. Қазір ЖОО-да білімімді шыңдаудамын. Өз отбасымды құрдым. Соның арқасында қонақтық келісім жасау мүмкіндігіне ие болдым. Демалыстарда, мерекелерде бауырларымды өз үйіме алып кетемін. Олар үйдің жайлылығын сезінгенін қалаймын. Мен сияқты тіректері бар екенін білсін деймін. Барлық ұжымға алғысым шексіз. Олардың бағыттауымен өмір сүріп жатырмыз.

Айта кетелік, қазіргі таңда Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 4-18 жас аралығындағы 63 бала тәриеленуде. Оразбек Саяхат Суретті түсірген автор

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: