Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар Еуропаға теміржолмен қатынайтын болады

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2018 22:00 Хабар 24
Жаңа бағдар Баку-Тбилиси-Карс қазақстандық жолаушыларды Түркияның Карс қаласына дейін жеткізетін болады.

Жақын арада Түркияға, тіпті Еуропаға теміржолмен қатынауға мүмкіндік туады, деп хабарлайды Хабар 24.

Былтыр қазан айында ашылған жаңа бағдар Баку-Тбилиси-Карс қазақстандық жолаушыларды Түркияның Карс қаласына дейін жеткізетін болады. Қазіргі кезде техникалық мәселелер шешіліп жатыр.

Баку-Тбилиси-Карс теміржолы алғашқы кезеңде жылына бір миллионға дейін жолаушыны тасымалдай алады. Осы жобаны жүзеге асыру үшін техникалық шарттарды орындау қажет.

- Ең алдымен техникалық шарттарды орындауымыз тиіс. Әзербайжан аумағында шойынжолдың арасы – 1520, ал Түркия аумағында – 1435 километр. Бір жолдан екіншіге өту үшін дөңгелектерін ауыстыру қажет. Осы талаптарға сай келетін вагондарға тапсырыс бердік. Жылдың аяғына дейін Карсқа дейін жолаушылар тасымалын бастауды көздеп отырмыз, - дейді «Әзербайжан теміржолдары» компаниясының төрағасы Джавид Гурбанов.

Мамандардың айтуынша, Баку-Тбилиси-Карс бағдарымен жолаушыларды тасымалдау, туристердің санын едәуір арттыруға мүмкіндік бермек.

- Туризмдегі ең маңызды факторлардың бірі – көлік тасымалы. Баку-Тбилиси-Карс бағдарының Ұлы Жібек жолымен өтуі туризм үшін зор мүмкіндіктер ашатыны анық. Арнайы туристік пойыздар жіберіп, саяхатшыларға арналған бөлек жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Бұл Қазақстан мен Азияның өзге елдерінің туристері үшін Түркияға және одан әрі өзге де елдерге баруға бірегей мүмкіндік, - деді Әзербайжан мәдениет пен туризм министрлігінің баспасөз хатшысы Вугар Шихмамедов.

Осындай саяхаттар екі-үш күнмен шектеліп қана қоймайды. Туристер Жібек жолы бойындағы әрбір елдің көрікті жерлерімен таныстып, барынша тиісті ақпаратқа қанығатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: