Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақтың тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратайұлы дүниеден озды

kff.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2018 20:27 kff.kz
Сұлтанғали Қаратайұлының есімі Қазақ футболының тарихында мәңгі қалмақ.

Қазақтан шыққан тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратайұлы сексен екі жасқа қараған шағында өмірден өтті деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы.

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Алматының Орталық стадионынан тікелей эфирде алғаш рет қазақша сайратқан Сұлтанғали Қаратайұлы еді. Оның спорт репортаждары әлі күнге дейін алтын қорда сақтаулы тұр.

Сұлтанғали Қаратаевтың бүгінде қазақ комментаторлығына қажетті көптеген термин сөздерді де енгізгені жасырын емес. Мәселен, «Айып алаңы», «Оң қаптал», «Сол қаптал», «Қосалқы құрам» тағы басқасы да бар. Бүгінде сол сөз тіркестері жиі қолданылады.

Сұлтанғали Қаратайұлының спорт журналистикасындағы еңбегі ерен. Сонымен қатар, бірнеше тарихи-танымдық мақалалары мен аударма еңбектері де жарық көрді.

Қазақстан футбол федерациясы Сұлтанғали Қаратайұлының тума-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.

Сұлтанғали Қаратайұлының есімі Қазақ футболының тарихында мәңгі қалмақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: