Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ерлан Сағадиев 100 пайыз қазақ тілінде баяндама жасауға уәде берді

Сонымен бірге 2020 жылы мектептерде енгізілгелі отырған «нөлінші» сынып туралы айтып берді.

Сурет : ҚазАқпарат27 Ақпан 2018, 15:20

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев келесі Үкімет отырысында таза қазақ тілінде баяндама жасауға уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«95 пайыз қазақша болды (бүгінгі Үкімет отырысындағы баяндамасы - авт.) Енді қазір оның бәрін жасап жатырмын. Келесіде 100 пайыз қазақша жасаймын», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беріп.

Ерлан Сағадиев сонымен бірге 2020 жылы мектептерде енгізілгелі отырған «нөлінші» сынып туралы айтып берді.

«2020 жылы нөлінші сынып енгізіледі. Дайындық барысы айтылды. Екі жылдың ішінде нөлінші сыныпты енгіземіз. Қазір көпшілік балабақшаларда, мектептерде бар (нөлінші сынып - авт.) 85 пайыз нөлінші сыныптар қазіргі уақытта балалар оқып жатыр. Жоспарымыз - 100 пайыз балаларды өткізу. Ол біріншіден. Екіншіден бірыңғай бағдарламасын енгізу. Көп өзгеріс жоқ, тек қана әліпби латын тілінде басталады. Ең алдымен әліппені қабылдадық. Енді оқулықтарды дайындау керек. Оны сараптамадан өткізіп, содан кейін апробацияға кірісеміз», - деді министр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер