Атырауда соқырішегіне ота жасатқан 5 жасар бала көз жұмды

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Баланың соқырішегі немесе аппендицитін алып тастау бойынша операция жүргізілді.

Қайғылы оқиға 26 ақпан күні сағат 19.00-де облыстық балалар ауруханасында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық балалар ауруханасының меңгерушісі Нұрқабыл Айтмұхамбетов мәлім еткен.

«Қайғылы жағдай кеше кешкісін болған. Баланың соқырішегі немесе аппендицитін алып тастау бойынша операция жүргізілді. Өкінішке орай, анестезия кері әсер берді, бұл адам ағзасының күтілетін реакцияларының бірі, содан бала қайтыс болды. Қазіргі таңда бірқатар сараптама тағайындалды», - деді Нұрқабыл Айтмұхамбетов.

Медициналық мекеменің меңгерушісі тергеу ісі аяқталғанға дейін, қайғылы жағдай туралы ақпарат беруден бас тартты. Қайтыс болған бала - Атырау қаласының тұрғыны.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз