Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Астанада жасөспірімді балағаттаған әйел жазаланды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сурет : baq.kz28 Ақпан 2018, 09:33

Астанада қоғамдық орында жасөспірімді балағаттаған әйел айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

«9 ақпан күні азамат К. қоғамдық орында И. есімді балаға тіл тигізіп, балағаттаған. Ол өзінің осы әрекетімен қоғамдық тәртіпті бұзып, басқа адамдардың мазасын алған», - деп жазылған хабарламада.

Сотта әйел өзінің ісіне өкінетінін айтып, кінәсін мойындады. Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының үкімімен әйел Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 5 АЕК (12 025 теңге) көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер