Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бүйрегін бейтаныс қызға сыйлаған оралдық жігіт жұмысқа орналасты

Оған жарты жыл 5 келіден артық зат көтеруге болмайды.

Сурет : Baq.kz1 Наурыз 2018, 10:36

Орал қаласының әкімдігі Абзал Әділовті жұмысқа орналастырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Абзалдың айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарында оның жағдайы туралы материалдан соң, әкімдік оған жұмыс ұсынған.

«Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов маған күзетшінің жұмысын ұсынды. Мен ұсынысты қуанышпен қабылдадым. Енді жұмысқа тұру үшін құжаттарды дайындап жатырмын», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қазан айына Абзал Әділов шымкенттік Жәмила Байсерікова есімді қызға өз бүйрегін берген. Жәмилаға бүйрегін шұғыл түрде айырбастау қажет болады. Ал Абзал ерікті түрде донор болуға келіскен.

Ал осы жылдың ақпан айында мейірімді жігіттің үйленгенін, бірақ ол жұмыс таба алмай, біраз қиналғаны белгілі болған. Себебі, оған жарты жыл 5 келіден артық зат көтеруге болмайды.

Абзал өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмаған, ал еңбек биржасында күзетшінің жұмысы болмапты.

Қазіргі таңда Абзал Әділов ағасының үйінде тұрып жатыр. Отбасында тек Абзалдың әйелі ғана жұмыс істейді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер