Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанда сирек кездесетін ауру түрлеріне шалдыққан 7 мың науқас бар

Қазақстанда дерттің әсіресе гашэ және мукополисахаридоз деген түрлері кең таралған.

Сурет : zhardem.kz1 Наурыз 2018, 10:40

Қазақстан халқының 1 пайызға жуығы әлемде сирек кездесетін ауру түрлеріне шалдыққан деп жазады Хабар 24 арнасы.

Cирек кездесетін аурулар күніне орайластырылған конференцияда сарапшылар осындай дерек келтірді. Айтуларынша, еліміз бойынша мұндай 7 мың науқас бар. Қазақстанда дерттің әсіресе гашэ және мукополисахаридоз деген түрлері кең таралған. Соңғысы 46 адамнан анықталды. Ал сирек кездесетін гашэ ауруына 21 адам шалдыққан. Мұндай дерттер көбіне балалар арасында жиі кездеседі екен. Жалпы осыған орай дәрігерлер жас отбасыларға медициналық тексеруден тұрақты түрде өтіп тұруға кеңес береді.

Даир Нұрғалиев, Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі:- Кішкентай кезінде жаңа туған балаларда болады. Бізде қазір сондай әдістемелер бар. Шетелге жібереміз, шетелде молекулярлы генетика жасайды. Сосын тура диагноз қояды. Содан кейін біздің мемлекет тегін дәрілер береді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер