Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

Primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2018 17:43 Primeminister.kz
Бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігі жүйесінде жұмыс істеген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Шаймергенов Тимур Төлегенұлы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Тимур Шаймергенов 1982 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 2004 жылы Алматы қ. Халықаралық мамандықтар институтын тәмамдады, 2009 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында саяси ғылымдар кандидатының ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

2009-2017 жылдары Гарвард, Оксфорд, Кембридж, Пенсильвания, Колумбия университеттерінде жетекші құрамға арналған оқу бағдарламасынан өтті.

Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік, стратегиялық менеджмент және тәуекелдерді басқару саласында маман біліктілігіне ие. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бастаған, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, ҚР Парламенті Мәжілісі және ҚР Қауіпсіздік Кеңесі аппараттарында түрлі қызметтер атқарған. ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қызметке тағайындалмас бұрын ҚР Президенті Әкімшілігі жүйесінде жұмыс істеген.

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», «ҚР Конституциясына 20 жыл», «ҚР Дипломатиялық қызметіне 25 жыл», «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: