Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Чехияда тұмаудан 50 адам көз жұмды

Дерттен көз жұмған 50 адамның 43-і алпыстан асып кеткен.

Сурет : Хабар 241 Наурыз 2018, 14:52

Чехияда тұмау өршіп тұр. Соңғы үш аптаның өзінде 50 адам көз жұмған. Бұл туралы мемлекеттік медициналық институт мамандары хабарлады, деп жазады Хабар 24.

Тұмауға төтеп бере алмағандардың көбі егде жастағы қарт кісі. Дәрігерлердің дерегіне қарағанда, дерттен көз жұмған 50 адамның 43-і алпыстан асып кеткен. Қалғандары 25 пен 59 жас аралығындағы адам. Бүгінде Чехия ауруханалары лық толы. Республика бойынша ауруы асқынған 199 адам ауыр халде жатыр. Дәрігерлер тұмаудың таралуы әлі бірнеше аптаға созылуы мүмкін дейді.

Айта кетейік, тұмау өткен жылы да дәл осы мезгілде тез таралып, сегіз апта бойы тұрғындардың есін шығарған еді. Ол кезде індеттен 114 адам көз жұмған еді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер