Ақтөбеде Әуе қалашығындағы үйлердің бірінен өрт шығып, 23 адам эвакуацияланды

Аktobenews.kz Аktobenews.kz
60 шаршы метр аумақты қамтыған шатырдағы өрт бір сағаттың ішінде сөндірілді.

Ақтөбенің «Әуежай» қалашығында орналасқан екі қабатты үйдің шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінен хабарлағандай, бұл жөнінде тұрғындардың бірі қоңырау шалған.

«60 шаршы метр аумақты қамтыған шатырдағы өрт бір сағаттың ішінде сөндірілді. 23 адам сыртқа шығарылды. Абырой болғанда өрт сөндірушілердің батыл да ыждаһатты әрекеттерінің арқасында ешқандай шығын шықпай, тұрғындар өміріне төнген қауіп сейілді», — дейді өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы Ақмарал Сансызбай.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз