Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Тойдағы таныстықтың кесірінен екібастұздық шенеуніктің басы дауға қалды

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Павлодар облысы бойынша этика жөніндегі кеңестің отырысында белгілі болды.

Сурет : www.pavlodarnews.kz1 Наурыз 2018, 16:04

Екібастұз қаласы мемлекеттік кірістер жөніндегі басқармасының қызметкері Оралда отбасылық мерекеде кездейсоқ өзі жұмыс істейтін ведомствомен электронды саудаға қойылған автокөлікті сатып алушымен танысқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Павлодар облысы бойынша этика жөніндегі кеңестің отырысында белгілі болды.

Тәртіптік іс материалына сүйенсек, 2017 жылы электронды аукционда мемлекеттік кірістер жөніндегі мемлекеттік басқарма «Қуандыков А.Т.» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі 2015 жылы шыққан Toyota Camry көлігін 7 млн теңгеге сатып жіберген. Бұл қаржы кәсіпкердің қарызды жабуы есебінен салыққа жұмсалуы тиіс болатын.

Темір тұлпардың жаңа иесі оралдық Ғазиз Нұрлыбай атанды. Ендігі кезекте сату және сатып алу туралы келісімшарт жасау ғана қалған. Екібастұз қаласы мемлекеттік кірістер жөніндегі басқармасы мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы Нұржан Қанашевпен құрастырылған құжатқа сатып алушы - Ғазиз Нұрлыбай, сатушы - Нұржан Қанашев және мемлекеттік кірістер басқармасының сатушысы қол қоюы керектін.

Дегенмен сатушының атынан МКБ салықты бақылау бөлімінің бас маманы Мылтықбай Әлтаев келген. - Құжатқа қол қойғанға дейін Әлтаев сенімхатты ұсынды, осы құжат негізінде сатып алушы Нұрлыбайдың атынан оның мүддесін таныстырды және барлық мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдарда оның өкілі бола алатын, - деді кеңес отырысында мемлекеттік қызмет саласындағы Агенттік бақылау басқармасының бас маманы Ержан Нұрбаев. Бұған дейін Әлтаевтың отбасымен Оралда болғаны белгілі.

Сол мерекелік кеште Ғазиз Нұрлыбаевпен танысқан және оның қолынан осындай құжат алған. - Мен тек полицияда тізімнен шешу керек деп ойладым, - деп ақталды Мылтықбай Әлтаев. Нұржан Қанашевтың әріптестерінің дұрыс жасамай отырғаны туралы ескертуіне қарамастан МКБ басшысының орынбасары Алтынбай Тұрғанов (сатушының атынан) және оның қарамағындағы Мылтықбай Әлтаев (сатып алушының атынан) сатып алу және сату туралы келісімшарт жасайды.

- Заңның 13-бабы, 1-тармақшасы, 4-тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметші өзі қызметте тұрған немесе тікелей бағыныстағы немесе бақылаудағы мемлекеттік органда үшінші адамдар бойынша өкіл болуға құқығы жоқ екені қарастырылған, - деді Ержан Нұрбаев.

Нәтижесінде Әлтаев, Тұрғанов және Қанашевқа қызметіне сәйкес келмейтіні туралы тәртіптік өндіріс қолдану ұсынылған.

Томирис Бекжан


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер