Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы облысында төтенше жағдай режимі сақталады

Өйткені еліміздің бұл өңірінде күн күрт жылынып, жауын-шашын толастамай тұр.

Сурет : Хабар 242 Наурыз 2018, 17:51

Алматы облысының Талғар және Жамбыл аудандарында жарияланған төтенше жағдай режимі сақталады, деп хабарлайды Хабар 24.

Өйткені еліміздің бұл өңірінде күн күрт жылынып, жауын-шашын толастамай тұр. Ақпан айының 23-інен бері Жетісу өңірінің 5 ауданындағы 300-ден астам аулаларды су басу дерегі тіркелді. Төтенше жағдайдың алдын алуға 300-ден астам адам мен 100-ге тарта техника жұмылдырылды. Осы жаңа ғана Ескелді ауданындағы 12 аула мен 1 үйді су басты деген ақпарат келіп түсті. Онда 15 адам мен 5 техника жұмыс істеп жатыр. 1 наурыз күні кезекті дауылды ескерту жарияланды. «Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер жағдайды жіті бақылауда ұстап отырмыз», – дейді

- СМС-хабарлама арқылы, БАҚ арқылы Алматы облысы аумағында жауын-шашын, қардың салдарынан алдағы уақыттарда судың көтерілу қаупі бар екенін хабарладық. Сол себепті азаматтардан сұрайтынымыз – ауа райының қолайсыздығына түсіністікпен қарап, кез келген төтенше жағдайға дайын болу, - деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер